Жалпы практика дәрігері көбінесе қоғамдық денсаулық сақтаудың, алдын алу медицинасының және науқастардың денсаулығын өз бетімен нығайтудың қиылысында жұмыс істейді. Егер бойында жан жақтылық, қол жетерлік қасиеті болса және науқасқа үздіксіз қызмет көрсете білсе, нақты науқасқа және көпшілікке бағытталып ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсетсе кез-келген маман дәрігер жалпы практика дәрігерінің рөлін атқара алады.

   Акушерия және гинекология ішкі аурулармен және хирургиямен бірге клиникалық медицинаның іргелі саласы болып табылады. Бұл саладағы біліктілік медициналық жоғары оқу орнының түлегі үшін міндетті. Білікті дәрігер әйел организмінің түрлі жас кезеңдеріндегі клиникалық-физиологиялық ерекшеліктерін білуі, тек емдік-диагностикалық қана емес, сондай-ақ алдын алу шараларын жасай алуы керек.  Сонымен қатар, кез келген мамандық дәрігері жедел көмек көрсету мақсатында ең кең таралған  акушериялық және гинекологиялық патологияның клиникалық көрінісін, анықтау принциптерін және емін білуі керек.

Цель модуля: формирование и закрепление у магистрантов углубленных знаний, умений и навыков по основам клинической эпидемиологии идоказательной медицины, подготовка магистрантов к прохождению производственной/исследовательской и педагогической практики и выполнению научно-исследовательской/ экспериментально-исследовательской работы.